Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде күзетшілер дүкенді қоршап алды
Ақтөбе қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде күзет дабылы іске қосылғаны туралы ақпарат келіп түсті.
10:03 18.02.2021
Ақтөбеде дүкенге ұрлыққа түскен ер адам қылмыс үстінде ұсталды. Түнгі уақытта "Күзет" мамандандырылған күзет бөлімшесі акционерлік қоғамының дабыл беру пультіне Ақтөбе қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде күзет дабылы іске қосылғаны туралы ақпарат келіп түскен. "Күзет" МКБ АҚ мобильді тобы дереу оқиға орнына шықты.
"Келген кезде күзетшілер сынған терезені көріп, дүкенді қоршап алды, ішке кіріп, ұрыны ұстады. Ол бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотталған Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Түнде ол терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, жалпы сомасы 250 мың теңге болатын темекі, алкогольді ішімдіктер, азық-түлік және дүкен иесінің ұялы телефондарын қолды қылмақ болған.
Қаскүнем қылмыс үстінде ұсталып, полицейлерге тапсырылды. Аталған факті бойынша 188-баптың 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті тағы екі пәтерге түскенін мойындады. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бері күзет мекемелерінің көмегімен бес қылмыс ашылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram