Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында карантин жеңілдейді
2021 жылдың 6 ақпанынан бастап Қарағанды облысы "жасыл аймаққа" кірді, коронавирус инфекциясы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал сақталған жағдайда 20 ақпаннан бастап бірқатар шектеу шарасы алынып тасталады.
16:42 18.02.2021
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің "Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды.
"Облыста аквапарктардың қызметіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің қызметіне рұқсат етіледі, сондай-ақ азық-түлік және азық-түлік емес базарлар да іске қосылады. Сондай-ақ, сауналар мен СПА-орталықтардың жұмысына рұқсат етіледі. Демалыс күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалдарының қозғалысы қалпына келтіріледі", - делінген қаулыда.
Қаулы 20 ақпан сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram