{metadescription}
Қазақстанда визасыз елдер тізімі кеңейтіледі

Қазақстанда визасыз елдер тізімі кеңейтіледі

2021 жылы Қазақстанға визасыз қатынайтын мемлекеттер тізімі ұзартылмақ.

Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов министрлік алқасының кеңейтілген отырысында айтты.

«2020 жылы біз визасыз кіре алатын елдердің тізімін 74 елге жеткіздік. 105 елдің азаматтары үшін электронды виза енгізілді. Пилоттық режимде Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит пайда болды. Шекара бекеттерін модернизациялау басталды. Шетелдік авиакомпанияларды еліміздің 11 қаласына келіп, жолаушыларды қабылдай алатындай етіп іске қосуды бастадық (Open Sky режимі)», - деді алқа мәжілісі барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов.

30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. 2021 жылы визасыз елдер тізімін 90-ға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2021 жылы электронды виза алу жұмысын жеңілдету мәселесін қарап, электронды виза бағасын 20 долларға төмендету жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар біз 160 қонақүйде пилоттық режимде E-Qonaq жүйесін енгізуді аяқтадық. Енді осы жүйенің арқасында кез-келген шетелдік туристке бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Мұның бәрі азамат қонақ үйге кіріп үлгерген кезде автоматты түрде болады», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.