Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті
Нұр-Сұлтан қаласының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері із кесу арқылы ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
18:21 18.02.2021
Қылмыс туралы полицейлерге 78 жастағы зейнеткер хабарлады.
"Қарияның айтуынша, түскі уақытта ол Бейсекова көшесімен үйіне бара жатқан. Осы уақытта жанына бір жас жігіт келіп, жақын жердегі түскі ас ішуге болатын орындарды сұраған. Қария күдіктенбестен жолды түсіндіріп жатқанда, ер адам оны жұдырықпен ұрып құлатқан", - деді полиция қызметкерлері.
Ұры күш көрсетіп, ақшасы, құжаты мен екі ұялы телефон салынған сөмкесін ұрлап, қашып кеткен. Гараждар маңында сөмкеден ақшаны, телефонды алып, құжаттарды лақтырып кеткен. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері тез арада әрекет етіп, күдіктіні анықтап, 30 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram