Қызылордада бір отбасында бес адам газға уланып қалды
Қызылорда қаласында бір отбасында бес адам көмірқышқыл газына уланып қалды.
10:35 20.02.2021
Оқиға 19 ақпанда сағат 05.23-те облыс орталығындағы Қаржаубаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде болды. Тұрғын үйдегі газбен суды жылыту қондырғысынан ақау шығып, үйдің ішіне газ тараған.
«Оқыс оқиғадан бес адам көмірқышқыл газына уланып қалды. Олардың төртеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. Ал 1996 жылы дүниеге келген қыз ауруханада ем қабылдаған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.
Оның айтуынша, облыста өрт оқиғасының жиі шығуы да алаңдатады. Жыл басынан бері облыста осындай 66 дерек тіркелген. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 34 пайызға көп. Осы оқиғалар салдарынан бес адам көз жұмып, 9 адам жарақат алған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!