{metadescription}
БҚО-да 11 жастағы бала асылып қалды

БҚО-да 11 жастағы бала асылып қалды

11 жастағы ұл бала үйде ешкім жоқ кезде өз-өзіне қол жұмсаған.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді. Қайғылы оқиға екі күн бұрын болған, бірақ ол туралы ақпарат бүгін ғана тарады. 

"Үйде үш бала болған, ол  - үйдің үлкені. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105 - бабы "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады Белгібеков.

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы болғанын айтты. Қайғылы оқиға болған аудан басшысы отбасына көмектесуге уәде беріп, жағдайдың себептері анықталуда, деді. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде