Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Құс тұмауының штаммы алғаш рет адамнан анықталды
Ғалымдар бұл аурудың генетикалық материалын Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасының жеті қызметкерінен алған.
10:05 21.02.2021
Құс тұмауы А вирусының H5N8 штаммын адамның жұқтыруы алғаш рет зертханалық жағдайда расталды. Мұны ресейлік "Вектор" орталығының ғалымдары анықтады. Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова 2020 жылдың желтоқсан айында Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасында вирус індеті тіркелгенін еске түсірді.
"Ғалымдар фабриканың жеті қызметкерінен осы аурудың генетикалық материалын бөліп алды. Бүкіл адамдар, мен айтып отырған жеті адам да өздерін жақсы сезінеді. Олардың клиникалық ағымы өте жеңіл өтті", – деді Попова Россия 24 телеарнасында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, адамдар мен жануарларды қорғаудың барлық шараларын өте қысқа мерзімде жүзеге асырды. Соның нәтижесінде бұл инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram