Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нью-Йорктегі қазақстандық полицей АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңіске жетті
Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді.
12:01 21.02.2021
Жеңіл салмақтағы кездесу Майамидегі бокс кеші аясында өтті және жоспарланған барлық алты раундқа созылды. Ниязовтың жеңісі бірауыздан мақұлданды. Бұл жеңіс оның 14-інші және 2017 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі болды.
Боксшы алдыңғы жекпе-жегінде жеңіліп, кейін рингке орала алмады. Алдымен омыртқааралық дискілер салдарынан, содан кейін пандемия салдарынан боксшының шаршалаңға шығуға мүмкіндігі болмаған, деп жазады stan.kz. Еске салайық, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ ол бала кезінде АҚШ-қа отбасымен көшіп кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram