{metadescription}
Түрмеге кірген машинаның есігіне 20 литр ішімдік пен телефон жасырылған болып шықты

Түрмеге кірген машинаның есігіне 20 литр ішімдік пен телефон жасырылған болып шықты

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандарға тыйым салынған затты кіргізу әрекеті тоқтатылды.

Автокөлік есігінің қаптамасында 20 литр алкоголь жасырылған. Бұл автокөлік келісімшартқа сәйкес, мекеменің аумағына техникалық қызмет көрсету стансасына жөндеуге кіргізілген еді.

«Мекеме қызметкерлері 6699 ә/б әскери жасағының бақылаушыларымен бірге автокөлікті тексеру барысында есік қаптамасынан тыйым салынған заттарды тауып, тәркіледі. Онда зарядтау құрылғылары мен құлаққаптары бар ұялы телефон және алкогольдің ерекше иісі бар сыйымдылығы 1,5 литрлік 20 бөтелкені тәркіледі. Тәркіленген заттар сот-медицина сараптамасына жіберілді», – дейді ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Қалетаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.