Келіншек сурет бөлшектері арқылы күйеуі опасыздық жасағанын біліп қойған
TikTok қолданушысы күйеуінің өзіне опасыздық жасағанын фото арқылы анықтағанын айтты.
19:42 21.02.2021
Әйел күйеуінің опасыздығы туралы қалай білгенін түсіндірді. Оның айтуынша, ол казинода көңіл көтеру үшін барған және қонақ үйде түнеген. Ол ванна бөлмесінің айнасында бірнеше селфи жасап, әйеліне жібереді. Фотоны көрген келіншек күдікті заттарды фото арқылы байқап қояды. Келіншек раковинаның жанында тұрған шаш түзеткішті көріп, бөлмеде басқа адамның бар екенін білген. Сонымен қатар, желідегілер күйеуінің саусағында неке жүзігі жоқ екенін байқады.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!