{metadescription}
Батыс Қазақстанда екі ер адам сатушының аяқ-қолын байлап кетті

Батыс Қазақстанда екі ер адам сатушының аяқ-қолын байлап кетті

Полиция қызметкерлері екі ер адам күдікке ілінгенін хабарлады.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, түрмеге жабылады. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында азық-түлік дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға 21 ақпанда болды, деп хабарлады Орал полиция басқармасының бастығы Марлан Айкенов.

"Таңғы сағат 9:15-те екі адам "Транзит" дүкеніне кіріп, сатушыны байлап тастап, ақшаны алып кеткен. Сыртқы келбеті азиялық екі жігіт күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді басқарма басшысы.

Бұл бап бойынша қылмыскерлер үш жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қазір тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап жатыр.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.