Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны хабарланды
Қазір екінші баланы іздеу жұмыстарына авиациялық техника, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды.
10:13 22.02.2021
Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша, баланың мәйіті Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды.
Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық асфиксия екенін көрсетті.
"Мәйітте басқа дене жарақаты жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеті жасалғанын куәландыратын дерек жоқ", – делінген ақпаратта.
Қазір екінші баланы іздеу жұмыстарына авиациялық техника, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды. Айта кетейік, 21 ақпанда Байқоңырда сегіз жастағы екі баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Кейінірек бір баланың денесі табылды.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram