{metadescription}
Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады. 

"Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты құқық қорғау органдары ұстады. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.  

Бұл ақпаратқа қатысты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді. 

"Вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Сәкен Мұсайбеков 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік қызметкерлер еңбек демалысы үшін алдын ала хат жазып, жоспарлы түрде демалысқа шығады", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты пікір білдіре алмайтындарын жеткізді. Мұсайбеков Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы болған. Тек 2020 жылдың мамырында министрлікке қызметке келді. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде