Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда массаж салонында жұмыс істейтін қыздар полицияға жеткізілді
Қаланың Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды.
14:04 22.02.2021
Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады. Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаж қызметінен бөлек, өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсетіп келген.
"Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел алдын алу іс-шаралары барысында мекенжайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдігі расталды – мекемеде жезөкшелер үйі орналасқан, онда жедел іздеушілер жеңіл жүрісті 11 қызды анықтады", - деп атап өтті Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Оның айтуынша, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал аудандық басқармаға жеткізілді, деп жазады polisia.kz.
"Айтпақшы, қыздар арасында біздің отандастарымыздан басқа, көрші республикалардың әйелдері де "жұмыс істеген". Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы", - деп түйіндеді Іңкәров.
Барлық жеңіл жүрісті қызға әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ интимді қызмет көрсетуге үйін жалға бергендер тексеріліп, жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram