Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да ресейлік жүргізушінің көлігі жыраға түсіп кетті
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жүк көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен ресейлік жүргізушіге көмекке келді.
15:43 22.02.2021
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Өскемен-Семей» тасжолындағы Бұлақ ауылының маңында болған.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, нақты айтсақ дауылды желден «ДАФ» маркалы жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Көлік тізгінінде отырған Ресей Федерациясының 55 жастағы азаматы болып шықты. Ол Өскеменнен Семейге қарай келе жатқан», - делінген хабарламада.
Полиция капитаны Н.Матайбаев және аға лейтенант Қ.Әзитай бірден жүргізушіге көмекке келді. Олар «ДАФ» көлігін басқа жүк көлігінің көмегімен қайтадан жолға шығарды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram