Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды
Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты.
16:48 22.02.2021
Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.
"Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты", - деді адвокат Дмитрий Куряченко.
Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын" да айтты.
Еске салайық, Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram