ШҚО-да бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді
Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді.
17:21 22.02.2021
«Қазавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 22 ақпан күні сағат 15-10-нан бастап күннің бұзылуына, нақты айтқанда қар еріп, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906-шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка кенті мен Риддер қаласының аралығы) жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу қойылды.
Осы ретте, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!