{metadescription}
БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 6 адам қаза тапты

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды.

Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын хабарлады. Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған.

"Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы ЖКО орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу басталды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.