Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордада 63 жастағы әйел ауладағы үш баланы ұрып тастады
Нұр-Сұлтан тұрғыны ұлы мен тағы екі баласын 63 жастағы әйелдің қағып кеткенін айтты.
20:16 22.02.2021
Оқиға үй ауласында болды. 20 ақпанда жәбірленушілердің бірінің анасы полицияға жүгініп, Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласында әйел кәмелетке толмаған ұлын және тағы екі баласын қағып кеткенін тастағанын айтты. Тәртіп сақшылары 63 жастағы әйелді анықтады.
«Аулада үлкен балалар оның 6 жасар немересін ұрғандықтан әжесі қарсы шыққан», - деп түсіндірді «Нұр-Сұлтан» ҚД баспасөз қызметі.
Әйелмен профилактикалық әңгіме өткізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша тәртіп сақшылары соңғы шешім шығарады. Сонымен қатар, қалалық полиция бөлімі денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Сондай-ақ ата-аналарға осындай фактілердің алдын алу үшін балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге кеңес береді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram