Маңғыстау тұрғыны аязда қатып қалған қоқиқаздарды көрсетті
Маңғыстау тұрғыны Бейнеу ауданында қатып қалған қоқиқаздарды суретке түсірді.
09:38 25.02.2021
Фото авторының айтуынша, 24 ақпан күні ол мал іздеп Бейнеу ауданындағы Сарша темір жол бекетіне барған. Жолда оған қатып қалған құстардың төбына кезіккен.
"Олардың осындай аяздан қатып қалғаны байқалады. Мен оларға үш метр қашықтыққа дейін жақындаған кезде, олар үлкен қиындықпен ұшуға тырысты", - деді сурет авторы.
Сонымен қатар қала тұрғындары Қаракөл көлінде де қоқиқаздарды суреттке түсірді. Олар Rixos қонақ үйінің артында, жолға жақын, жағалауларға топтасып жиналады. Қызғылт қоқиқаздар Қаракөлдегі суыққа төзімді, өйткені су МАЭК-тің жылу электр станцияларынан шығарылады және ол жылы болады. Қаракөл көліндегі қоқиқаздардың қыстағанын қала тұрғындары бірнеше жылдан бері бақылап келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары