Қазақстанда 10 адам коронавирустан көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 27 ақпандағы ақпаратты жариялады.
09:47 27.02.2021
27 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 253 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
25 ақпан күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 54 жағдайы тіркелді. Оған қоса 216 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 49 226, қайтыс болды – 620, жазылып шықты – 41 849 науқас.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!