Жалдамалы пәтерден 5 студенттің мәйіті табылды
Ташкенттің Юнусабад ауданында 27 ақпанда кешке пәтерлердің бірінде бес студенттің денесі табылды.
09:36 01.03.2021
Жастар пәтерді жалдап тұрған. Студенттер белгісіз заттан улану салдарынан қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Газеты.uz" ақпараты бойынша, марқұмдар Әндіжан облысының тумалары:
- Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті М. У. (2000 жылы туған, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
- Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Р. С. (1998, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
- Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Д. Г. (2000, Әндіжан облысы Ходжаабад ауданының тұрғыны);
- Ташкенттегі Сингапурдағы менеджментті дамыту институтының екінші курс студенті О.И. (2000, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);
- Ташкенттегі Инха университетінің бірінші курс студенті С.Х. (2000, Әндіжан облысы Кургантепин ауданының тұрғыны).
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!