{metadescription}
Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Талдықорған қаласының жаңа басшысы болып Ержан Жасыбаев тағайындалды.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Жасыбаев Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, әкімдік Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Әбдірайымов өзінің өтініші бойынша Талдықорған қаласының әкімі қызметінен босатылғанын хабарлады. Ержан Жасыбаев 1965 жылы дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысында Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрлігі жол бөлімінің ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.

Осы жылдары ол Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрлігі жол бөлімінің ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ХОА бастығы, "Жамбылавтодор", "Казахавтодор РГКП" Жамбыл филиалының бас инженері болып жұмыс істеді. Көлік және коммуникация министрлігі Алматы мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесі, Алматы облысы автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, министрдің автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық департаментінің директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаментінің директоры, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

2014 жылдың қазан айынан бастап - Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде