{metadescription}
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда асфальт жарылып, жүк көлігі жер астына түсіп кетті.

Оқиға орнынан түсірілген бейне жазбалар әлеуметтік желіде пайда болды. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан КамАЗ жүк көлігінің жер астына түсіп кеткенін көруге болады. Оқыс оқиға Алматыдағы Қажымұқан көшесі бойында болған. Алматының жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметі мәліметінше, жүк көлігі жүргізушісінің миы шайқалып ауруханаға түскен.

"Оның ми зақымданған, сондай-ақ кеудесі жаралы. Жағдайы орташа ауыр. № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Осы оқиға болған жерге Медеу аудандық полиция Басқармасының тергеу-жедел тобы аумақтық құрамы бойынша жіберілді. Мән-жайлар анықталып жатыр. Әрі қарай, болған оқиғаға құқықтық баға беріледі", - делінген ПД-ті таратқан мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.