Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тұмсығына мұз қатқан елікті құтқарғандар желіде талқыға түсті
Тұмсығына мұз қатқан елікті құтқарып қалғандырдың видеосы желіде тез тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті.
21:00 01.03.2021
Елікті құтқару сәті Instagram-дағы қарағандылық пабликтердің бірінде пайда болды. Видео авторлары кадрлар 25 ақпанда Денисов тас жолында түсірілгенін айтқан. Олар жол бойында тұрған әбден шаршаған елікті байқаған. Тұмсығына мұз боп қатып қалған қарды жануар көтере алмаған.
"Біз елікті ұстап, оның тұмсығын тазарттық. Оның қиналғаны рас, бірақ біз бәрін мұқият жасадық. Содан кейін жануарды еркіне жібердік", - дейді ролик авторларының бірі Нұржан Мақаев.
Шамамен жарты шақырымнан өткеннен кейін олар тағы бір елікті байқап қалған екен. Бірақ оған көмектесе алмаған, жануар сынған аяғына қарамастан қашып кеткен.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram