{metadescription}
Алматы перзентханасында босанған әйел қайтыс болды

Алматы перзентханасында босанған әйел қайтыс болды

Алматыдағы №5 перзентханада жаңа босанған әйел қайтыс болды.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді

«Ана өлімі болғаны рас. Бұл Алматыдағы 5-перзентханада 2 наурызда болған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасын күтіп отырмыз», - деді басшы орынбасары.

Сондай-ақ, ол перзентханадағы жағдайдың бақылауда болатынын жеткізді.

«Жемқорлық туралы ақпарат бізге түскен жоқ. Егер тергеу барысында анықталса біз өз тарапымыздан шара қолданамыз. Өздеріңіз білесіздер шешілетін, алдын алуға болатын, болмайтын жағдайлар болады. Сол себепті барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз. Ал ана өліміне қатысты проблема аурухана басшылығы тарапынан кеткен қателік. Ұйымдастыру жұмыстарына салғырт қараған. Қоғамдық денсаулық басқармасы аталған фактіні назардан тыс қалдырмайды, қатаң шара қолданатын болады», - деді Лаура Мырзағали.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде