Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Қаржы министрлігі баспасөз қызметі.
16:42 05.03.2021
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен 5 наурыздан бастап Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының жаңа мүшесі болып Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді", - делінген хабарламада.
Руслан Бекетаев бұл қызметке Тимур Жақсылықовтың орнына келді. Ол 16 ақпанда ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
Руслан Бекетаев 1975 жылы 16 қарашада Шымкентте дүниеге келді. Бұған дейін Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасы қызметін атқарған.
ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр лауазымына тағайындалмастан бұрын жеті жылға жуық Қазақстан қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram