Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теңіз кенішінде 5 жолаушылар автобусы өртенді
Кеше, 5 наурызда Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушылар автобусы жанып кетті.
11:53 06.03.2021
Сағат 19.30-да ССЕР компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірінен өрт шықты. Өрт бірден жақын маңдағы төрт автобусқа жайылды. Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш дана өрт сөндіру техникасы және 30 адам қатысты, оның ішінде өртке қарсы қызмет жауынгерлері мен компания қызметкерлері бар.
"ССЕР" компаниясының өкілі Орақ Бисембиевтің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де ауыздықталып, жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан бес көлік құралы жанып кетті.
"Алғашқы қызметтік тексеріс көрсеткендей, сигнал беруші артқы жақта тұрған автобустардың бірінің қозғалтқыш бөлігінен шыққан түтінді байқаған. Нұсқаулыққа сәйкес, ол дереу кезекшіге хабарлаған. Оқиға орнына "ССЕР" компаниясының өрт сөндіру командасы, сондай-ақ "Теңізшевройл" компаниясының апатқа қарсы құрамының (ПАС) қызметкерлері мен үш арнайы техникасы жедел жетті", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Алайда, секундына 15-20 метр күшпен соққан желдің екпінімен жалын жақын маңдағы автобустарға тез тараған. Сарапшылардың пікірінше, өрттің тұтануына автобустың мотор бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрттің нақты себебін "ССЕР" компаниясы "Теңізшевройл" және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп құрған жұмысшы комиссия анықтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram