Әлемге танымал қазақ қызы басшылық қызметке тағайындалды
Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Сәдуақасова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болғанын хабарлады.
12:09 08.03.2021
Қазақстандық Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқарады. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады.
"Қуанышты жаңалығымды бөлісіп отырмын – ФИДЕ спортшылары комиссиясының төрағасы болып тағайындалдым", - деп жазды Сәдуақасова.
Ол комиссия шахматшылардың мүддесін табысты қорғайды деп сенеді.
"Қазақстан шахмат федерациясы Динара Садуақасованы FIDE спортшылары комиссиясына төраға болуымен құттықтап, жемісті әрі нәтижелі жұмыс істеуіне тілектестік білдіреді", - делінген Қазақстан шахмат федерациясының сайтында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!