{metadescription}
Головкин мен бірде-бір рет жеңілмеген боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Головкин мен бірде-бір рет жеңілмеген боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгияның мамырға жоспарланған жекпе-жегі болмауы мүмкін.

ESPN телеарнасының журналисі Сальвадор Родригес бұған дейін 2021 жылдың мамырына жоспарланған Головкин мен Мунгия арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл тұжырымды мексикалық спортшымен жұмыс істейтін промоутерлік компанияның өкілімен сөйлескеннен кейін жасады.

Журналистің айтуынша, Хайме Мунгияның промоутерлік компаниясы Zanfer Promotions спортшының келесі жекпе-жегі 24 сәуірде өтеді деп мәлімдеген. Алайда спортшының қарсыласының аты аталмады. Мунгияның келесі жекпе-жегі туралы келесі аптада хабарланады. Бұған дейін Мунгия келесі жекпе-жегін 7 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізеді деп жоспарланған болатын.

Журналист Сальвадор Родригестің айтуынша, Мунгияның сәуірдегі жекпе-жегі оның GGG-мен алаңға шығу мүмкіндігін жоққа шығарады. Айта кетейік, Головкин мен Мунгия 2018 жылы жұдырықтасуы қажет еді. Алайда Невада штатының комиссиясы 24 жастағы мексикалықты мұндай титулдық жекпе-жектер үшін жас деп санады. Қазірге дейін Хайме Мунгия кәсіпқой рингте 36 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. 29 кездесуі нокаутпен аяқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде