Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы мешіттерінде жұма намаз уақытша оқылмайды
Алматы қаласы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта тұр.
12:12 11.03.2021
Соған байланысты Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Алматының коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұруына байланысты діни нысандарда тек жеке құлшылық етуге рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласы дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке брифинг барысында мәлімдеді.
"Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шараларының діни нысандарға да қатысы бар. Ғибадат нысандарында әлеуметтік қашықтықты және маска режимін, дезинфекцияны қатаң сақтай отырып тек жеке құлшылық ету рәсімдеріне рұқсат етілді. Жұма намаз, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейтін болады", - деді Ерғали Көшеке.
Айтуынша, діни бірлестіктердің басшылығы діни рәсімдерді өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін барлық жағдайларды қамтамасыз етуі қажет. Оған:
- ғимаратқа кіру кезінде келушілердің температурасын өлшеу;
- бетпердесіз азаматтарды кіргізбеу;
- діни бірлестіктер аумағында арасы 2 метр қашықтықты көрсететін арнайы жазылған белгілер жасау;
- іргелес аумақты таза ұстауды қамтамасыз ету.
"Қаламыздың басына келген сынақ жағдайы бәрімізге қиындық тудырып отыр. Алайда өзіміздің, қоғамның денсаулығы үшін бұл шараларды қабылдауға міндеттіміз. Алматының мешіттерінде барлық санитарлық талап сақталған, "қызыл" аймаққа кірген жағдайдың өзінде бүкіл талапқа дайынбыз. Жамағатты, барша әріптесімді сабырға шақырамыз. Мұндай шектеулер бірінші рет енгізіліп отырған жоқ. Былтыр бұдан да қиын жағдайдан өткенбіз", - деді Еркінбек Шоқай.
Сондай-ақ, қаланың бас имамы жас балаларды, 65 жастан асқан кісілерді, әйелдерді мешітке келуден шектеле тұруға шақырды.
"Мешіт – көпшілік, қоғамдық орын. Қалада адам көп жиналатын орындардың бірі болып есептеледі. Барынша санитарлық талапдың негізінде жас балаларды, 65 жастан асқан кісілерді, әйелдердің мешітке келуден шектеле тұруын айтып жүрміз", - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram