Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда ер адам үш туысын пышақтап тастады
Петропавлда адам өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
19:39 11.03.2021
"10 наурызда сағат 3 шамасында Петропавл полиция басқармасының кезекші бөліміне 103 қызметі диспетчерінен 28 жастағы ер адам мен 48 жастағы әйел көп салалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Әйел операция кезінде көз жұмды", - деп ақпарат таратты полиция.
Сонымен қатар, 89 жастағы әжей көп салалы облыстық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы – бір отбасының мүшесі.
"Полиция қызметкерлері туыстарына қонаққа келген 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол ұсталған кезде мас болған", - деп түсіндірді ведомство.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram