Елордада автокөлік өртеніп кетті
Елорданың сол жағалауындағы автотұрақта жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті.
17:15 13.03.2021
Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 наурызда сағат 07.34-те Нұр-Сұлтан өрт сөндіру қызметіне Қонаев көшесі 14/2 мекенжайында көлік өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
"Өртсөндірушілер келген бойда ВАЗ 2114 маркалы автомобилінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт 07.46-да жойылды", - деді қалалық ТЖД өкілі.
Өрт шыққан жерде жанып жатқан көлік иесі болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша өрт көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!