{metadescription}
Әлемге әйгілі боксшы қайтыс болды

Әлемге әйгілі боксшы қайтыс болды

13 наурыз, сенбі күні спортшы ауруханаға жеткізілген.

Тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы ауырған. Төрт сағаттан соң көз жұмды. Аты аңызға айналған кәсіпқой боксшы Марвин Хаглер 66 жасында көз жұмды. Қайғылы хабарды спортшының жары жеткізді.

"Бүгін сүйікті жарым Марвелус Марвин күтпеген жерден Нью-Гэмпширдегі үйде қайтыс болды. Отбасымыз қиын жағдайда біздің жеке өмірімізге құрметпен қарауды сұрайды", - деді ол.

Хаглердің ұлдарының бірі ТMZ басылымына, әкесі 13 наурыз, сенбі күні Нью-Гэмпширдегі ауруханаға жеткізілгенін айтты. Тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы ауырған. Шамамен төрт сағаттан кейін қайтыс болды, себебі айтылған жоқ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көңіл айтты.

​"Орта салмақтағы ұлы чемпион, Аңызға айналған адам жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Головкин Twitter-де.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.