{metadescription}
Қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған ремиксі "Грэмми" алды. 

"Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе - Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, - деді ол.

Imanbek-ке  "Үздік ремикс" үшін берілетін Грэммиді Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы табыстады.

"Анама рақмет, әкеме рақмет, командама рақмет, менеджерім Кирилге рақмет, Грэммиге рақмет", - деді Imanbek.

Грэммидің 63-ші марапаттау рәсімі YouTube-тегі арнасында көрсетілді. Еске салайық, Иманбек SAINt JHN-дің "Roses" ремиксімен танымал болған. Оның нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.

Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған. 

Жақында музыканттың Roses SAINt JHN композициясы "Грэмми"(Grammy) сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды. Танымалдыққа дейін Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.