Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Камалжан Надыров жаңа лауазымға тағайындалды
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Камалжан Надыров Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығын басқарды.
10:59 15.03.2021
"Надыров Камалжан Талғатұлы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Надыров Камалжан Талғатұлы 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген, екі жоғары білімі бар – медициналық және экономикалық. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, Тұран университетін бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында оқыған. Назарбаев Университетінің бизнес-мектебін Execuitive MBA бағыты бойынша бітірген.
2007-2014 жылдары академик Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2016-2017 жылдары University Medical Center Республикалық диагностикалық орталығын басқарды.
2017-2019 жылдары Надыров елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
2019-2020 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.
2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2020 жылдың қазан айында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету күдігі бойынша қылмыстық іс бойынша тексеру жүргізді. 19 қазанда Надыров қызметінен кетті. Ол бұл қызметінен жаңа жұмысқа ауысуына байланысты кеткенін түсіндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram