Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұшақ апаты: Aуруханада жатқандардың жағдайы айтылды
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы туралы айтты.
15:39 15.03.2021
Дәрігердің айтуынша, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.
«Зардап шеккендерді емдеп жатыр, бірақ жағдайлары өте ауыр. Науқастардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қандай да бір болжам айтуға әлі ерте. Дәрі-дәрмектер жеткілікті», - деді Жандос Дәулетбеков.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram