{metadescription}
Ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді жерлеу рәсімі өтті

Ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді жерлеу рәсімі өтті

Бүгін Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығы қатысқан ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті.

«Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды. ҰҚК апат салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуде» , - делінген хабарламада.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде мерт болған әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» жарияланады.

Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының мән-жайын анықтау және борттағы өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.