{metadescription}
Қызылорда облысында газ жарылып, 4 адам қайтыс болды

Қызылорда облысында газ жарылып, 4 адам қайтыс болды

Бүгін, 15 наурызда сағат 13:30-да Жосалы кентіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде көлемі 27 литр газ баллоны жарылып, үй қирады.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады.

«Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды. Олар С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999ж.). Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 ж. туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған», - деді әкім.

Қызылорда облысының әкімі Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтты. Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

«Өрт 15:17-де толық сөндірілді. Өрт алаңы 144 шаршы метрді құрады. Ал құлау алаңы 46 шаршы метр. Сағат 17:05-те үйдің құлаған құрылымдарын талдау жұмыстары аяқталды. Өрт болған жерге тексеру жүргізілуде. Оқиғаның себебі анықталуда. Оқиға орнына Қызылорда қаласынан өрт сынақ зертханасы келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.