{metadescription}
Алексей Цой коронавирусқа қатысты болжамды бөлісті

Алексей Цой коронавирусқа қатысты болжамды бөлісті

Сәуір айында оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 500, ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін екенін айтты.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамды бөлісті. Оған сәйкес, пессимистік сценарий кезінде сәуірде тәулігіне 1700 науқас тіркелуі мүмкін.

«Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасайтын жұмыс тобы қолданыстағы шектеу шараларын, соның ішінде міндетті маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және қанша адамға вакцина егілетінін ескере отырып 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдай қалай болуы мүмкін екендігіне қатысты болжам жасады. Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында күніне 500-ге дейін коронавирус жағдайы тіркеледі деп күтілуде», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Ол вакцинацияның бірінші кезеңінде иммунитеттің пайда болуына уақыт кететінін, сол себепті екпенің тиімділігі аса қатты сезілмейтінін айтты. Ал одан кейін вакциналаудың тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына әсер етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде