{metadescription}
Алматыда жазғы кафелердің жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

Алматыда жазғы кафелердің жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

Алматыда жазғы кафелердің жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлім етті.

«Қазір нағыз жұмыс істейтін уақыт. Біз жергілікті атқарушы органдарға байланысты қандай қолдау шараларын қабылдай алатынымыз туралы талқылауды белсенді жүргізіп жатырмыз. Былтыр Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық тамақтануға уақытша құрылымдарды, үстелдерді, жазғы алаңдарды қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз қою мүмкіндігіне келісім берді. Біз бұл мәселені қайта қозғадық. Қала әкімі қолдады», - дейді Еркебұлан Оразалин.

Сонымен қатар, ол дайын өнімді қоғамдық тамақтану алдында шығару мәселесін қарастырып жатқандарын айтты.

«Мен жақында локдауннан шығамыз деп үміттенемін және бұл мүмкіндік жалпы тамақтану орындарына беріледі. Сондай-ақ, дайын өнімді қоғамдық тамақтану алдында шығару мәселесін қарастырып жатырмыз, бәлкім, мұндай мүмкіндікті де ұсынатын шығармыз», - дейді басқарма басшысы.

Өз кезегінде, Қазақстан рестораторлар клубы қауымдастығының президенті Гүлнар Кәтібаева бұл идеяның кәсіпкерлерге айтарлықтай қолдау болатынын жеткізді.

«Ғимарат ішінде көп адамды жинау қауіпті. Мейрамханаларға қалай да көмектесу керек. Әкім сыртқа үстел, орындық қоюға рұқсат берді. Кәсіпкерлер мейрам күндері жазғы орындар ашылатынын ойлап азық-түлікті көптеп алып қойды. Тіпті Наурыз көжеге қажетті заттарды да алып қойғандар бар. Ал олар тез бұзылатын тағам. Шығын көп», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.