Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тәрбиеші балабақшадағы науқас қызға өз бүйрегін берді
АҚШ-тың Миссури штатында балабақша тәрбиешісі бес жасар қызға өз бүйрегін берді.
09:06 22.03.2021
2019 жылы Робин Мах қазір бес жасар Кейлиге сабақ бере бастады. Ақпан айында тәрбиеші науқас қызға бүйрегін берді. Ол қыз өзінің тәрбиеленушісі. Қыздың анасы Дезире Кьюледждің айтуынша, қызы жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген (қалыпты жүктілік шамамен 38 аптаға созылады) және нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 160 күн жатты. Қыздың көзі жартылай көрмейді. Иммундық жүйесі әлсіреген, бауыры істен шыққан. Осыған байланысты оған күн сайын 11 сағаттық перитонеальді диализ қажет болды.
Кейлейдің салмағы қазір тек 11 келі. Қазан айына дейін бүйрек трансплантациясын жасауға тыйым салынды. Өйткені бой мен салмақ бойынша қыз қажетті параметрлерге қол жеткізе алмады. Қыз қажетті массаны алған кезде, Мах оған көмектесе алатынын айтты.
«Мен Кейлейдің қалыпты өмір сүргенін, мектепке барғанын қаладым, - деді әйел бүйрек трансплантациясы операциясының алдында.
3 ақпанда дәрігерлер алты сағаттық операцияда Кэйлидің бүйрегін трансплантациялады, деп жазады stan.kz. Анасы өзінің қызының мұхитта немесе бассейнде жүзе алатындығын, тіпті ваннада шомылатына қуанды, өйткені бұған дейін су процедураларын жасауға тыйым салынған еді. Енді осының бәрі аяқталды.
«Мах Кейлидің жай ғана салонға апарып, тырнағын жасап бергендей күйде. Ештеңе болмаған сияқты кейіп танытады. Мен оған қалай алғыс айтарымды білмеймін», - дедіқыздың анасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram