{metadescription}
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды

Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды

Сальвадордың жас тұрғыны найзағай түскен кезде суда болған.

Ол Токио Олимпиадасына жолдама беретін серфингтен ірі жарысқа дайындалып жатқан. Сальвадорлық серфингист қыз суда жаттығу кезінде көз жұмды. 22 жастағы Кэтрин Диас Эрнандестің дәл жанына найзағай түскен. Трагедия Тынық мұхитындағы Эль-Тунко жағажайында спортшының үйіне жақын жерде болды.   

Кэтрин Диас Эрнандес Токио Олимпиадасына жолдама беретін серфингтен ірі жарысқа дайындалып жатқан. Жергілікті билік марқұмның отбасына көңіл айтты: Сальвадор ұлттық спорт институтының президенті Ямил Букеле Twitter-де хабарлама жариялады, елдің туризм министрі Морена Вальдес те қолдау сөз арнады.

Кэтрин Диас Сальвадордағы үздік серфингші саналған. Ол Сальвадор серфинг федерациясының президенті Хосе Диастың қарындасы. Спортшы серфингтен Бүкіләлемдік ойындарға дайындалып жатқан, сондай-ақ, Токио Олимпиадасына қатысуды жоспарлаған. Серфинг Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде