Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Күшейтілген карантинде түнгі клубтағы 150 адамға айыппұл салынды
Алматыда түнгі клубтың жұмысын мониторингтік топ жауып тастады.
13:01 22.03.2021
150-ден астам адамға айыппұл салынды. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Медеу ауданының мониторингтік тобы 21 наурызда сағат 23.30-да Құрманғазы көшесі, 25 мекен-жайы бойынша орналасқан boom Bar (бұрын The Artist атауымен белгілі болған) түнгі клубқа келгендерді ұстады, деп жазады stan.kz.
Бұл нысан қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзды. Мониторингтік топ келген кезде мекемеде шамамен 150-170 адам болған. Жұмыс режимін бұзумен қатар, адамдардың көп жиналуына тыйым салу, маска режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді. Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттамалар жасалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram