{metadescription}
Анықтамасыз келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

Анықтамасыз келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

21 наурызда ел аумағына Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді.

5 356 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 179 адам, анықтамасыз 177 жолаушы келген.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 868 жолаушы, анықтамамен - 2 727, анықтамасыз - 141;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 265 жолаушы, анықтамамен - 1 236; анықтамасыз - 29;
  • Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, 576 жолаушы анықтамамен келген;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;
  • Түркістан қаласының әуежайына – 2 рейс, 370 жолаушы, анықтамамен - 363; анықтамасыз - 7;
  • Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

20 наурызында шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 400 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, екінші жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.