Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық танымал журналист дүниеден озды
Қазақ журналисі Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті.
15:13 22.03.2021
Бұл туралы журналист Бейбіт Тоқтарбай Facebook желісіндегі парақшасында естіртті.
"Қайран біздің Дүраға, сізге де уақыт келгені ме? Өзінен кейінгілерге білетін ақылын айтудан жалықпайтын, жаны жайсаң жан еді. Пейілінде қылаудай кіршік жоқ таза адам еді. Баладай аңғал Дүрағамен "Халық сөзі"газетінде, сосын ЕҰУ-да бірге қызмет еттік. Отбасы мен туыстарына, достарына көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын!", - деп жазды ол парақшасында.
Дүрәлі Дүйсебай – 1954 жылы дүниеге келген. Көпшіліке танымал, қаламы қарымды журналист. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Одан кейін "Халық сөзі" газетінің редакторы орынбасары болды.
Ал 2014 жылдан осы күнге дейін "Қазақ спорты" газетінің бас редакторы қызметін басқарды. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram