Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Пандемиядa оқушыларға алынған ноутбукты әкімдік қызметкерлері ұрлаған
Солтүстік Қазақстан облысында білім бөлімінің қызметкерлері пандемия кезінде оқушылар үшін сатып алынған ноутбуктерді ұрлаған.
18:49 26.03.2021
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. СҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс аудандарының бірінде әкімдіктің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
"Білім бөлімінің қызметкерлері пандемия кезінде аудандағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап үкімет резерві есебінен сатып алынған ноутбуктердің бір бөлігін жымқырды деген күдікке ілінді", – деді ол брифингте.
Айтуынша, бұл қылмыстан мемлекетке 12 миллион теңгеден астам шығын келген. Істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Бекайдаров бұл іске қатысты соңғы шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданатынын айтты.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram