{metadescription}
Қазақстанда «британдық штамның» 12 жағдайы анықталды

Қазақстанда «британдық штамның» 12 жағдайы анықталды

Қазақстанға Шарм-эль-Шейх пен Дубайдан әуе рейсімен келген 8 адамнан коронавирустың «британдық штамы» табылды.

«Британдық штамның» генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды.

«Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар Қазақстан Республикасының 14 өңірінен алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады. 12 штамның 8 жағдайы Шарм-ел-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды», - делінген хабарламада.

Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары көп байқалуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.