{metadescription}
Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалды

Атырауда 4-ші қабаттан құлаған бала тірі қалды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-ға жуық баланың құлап кетуі тіркелген.

«Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал, ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.