Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда табиғи газдан уланған 6 адам ауруханаға түсті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 31 наурыз күні таңмен Мәскеу көшесі 43-мекенжайында болды.
13:39 31.03.2021
Сағат 09.24-те жедел жәрдем шақырылып, бригада 5 минуттан кейін жетті. 39 жастағы әйел 11 жасар қызы, 5 жасар және бір жасқа толмаған ұлдарымен орта дәрежелі табиғи газдан уланған. Балалар анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына апарылды, деп жазады ҚазАқпарат. Сондай-ақ орта дәрежелі табиғи газдан уланған 65 жастағы ер және 64 жастағы әйел адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram